Kapshagay.gov.kz

Қарттар мен мүгедектер күнін өткізу тұралы

Главная


  

    Қапшағай қаласы әкімінің аппараты 2015 жылдың 1 қазанында өткізілетін «Қарттар мен мүгедектер күніне» арналған іс-шаралар жоспары құрып, бекіткен.

    Қала әкімдігі Қапшағай қаласы мен қала өңірінің ұйымдары мен мекеме басшылары арасында «Қарттар мен мүгедектер күні»мерекесіне орай орындалатын іс-шаралар жайында кеңес өткізді.

    2015 жылдың қыркүйек айында «Алматы облысының Жастар саясаты орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі филиалы «Қапшағай қаласының Жастары» қала кәсіби колледжі студентерімен бірлесіп «Қапшағай қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағында сенбілік өткізді. «Қапшағай қаласының Жастары» мен қала ардагерлері кеңесінің белсенділері қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде тұратын 230 азаматтарды мерекелерімен құттықтап, мектеп оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама өткізілді.

    Қала әкімі «Қарттар мен мүгедектер күні» Социалистік еңбек қаhарманын, үй жағдайында құттықтап, 20,0 мың теңге көлемінде тұратын бағалы сыйлық сыйлады. Сонымен қатар үйде арнаулы әлеуметтік көмек алатын зейнеткер мен көп балалы аналарды да құттықтап, 20,0 мың теңге көлемінде тұратын азық-түлік пакетін берді.

Қала әкімшілігі қала кәсіпкерлерінің қолдауымен аз қамтылған жанұяларға ауылшаруашылық өнімі (пияз) таратты.

    Қапшағай қаласының үш еңбек ардагері, соның ішінде Социалистік еңбек қаhарманы - Геннадий Николаевич Обидин Талдықорған қаласында өткізілген Еңбек күні мерекесіне қатыстырылды. Алматы облысы әкімі оларға бағалы сыйлықтар мен гүл сыйлады.

2015 жылдың бірінші қазанында Қапшағай қаласының «Элит» тойханасында демеушілердің көмегімен жалпы саны 100 адамға, соның ішінде ҰОС ардагерлеріне, тылда еңбек еткендерге, мүгедектер мен аз қамтылған қарттарға 110,0 мың теңге көлемінде қайырымдылық дастархан жайылып, концерттік бағдарлама өткізілді.

    ЖШС «Қапшағай тұрғын үй» жалпы саны 20 азаматтарға, соның ішінде аз қамтылған зейнеткерлерге, мүгедектерге, ҰОС ардагерінің жесірлеріне, алғашқы құрылысшыларға және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылары мен мүгедектерге 34,0 мың теңге көлемінде азық-түлік пакетін берді.

    «Қапшағай Су Құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 117 зейнеткерге жалпы сомасы 234,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті.

«Қапшағай қалалық ауруханасы» мемлекеттік мекемесі қарттар мен мүгедектерге арнап ашық есік күнін ұйымдастырып, мамандардың тексеруінен өткізді және 4 еңбек ардагарлерін үй жағдайында құттықтап, жалпы сомасы 8,0 мың теңгеге дәрі-дәрмек қорапшасымен азық-түлік пакетін тапсырды, буклеттер шығарды.

Байланыс телекоммуникациясы дирекциясының ұйымдастыруымен 33 ардагерге жалпы саны 165,0 мың теңге құрайтын мерекелік дастархан жайылып, әр қайсысына 5,0 мың теңгеден тапсырылды.

    Қапшағай қаласының байланыс торабы 14 еңбек ардагеріне 14,0 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетті.

Барлық қала мектептерінде еңбегі сіңген білім қызметкерлеріне арнап мерекелік құттықтаулар мен концерттік бардарламалар өткізілді.

    Мерекелік іс-шараларды өткізуде діни бірлестіктер жан-жақты қолдау көрсету арқылы белсенділік танытты.

    Қала шіркеулері 50 аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, тылда еңбек еткендерге жалпы сомасы 90,0 мың теңгеге 1500 кг картоп таратты.

    Шеңгелді және Заречный ауылдық округтерінде осындай мерекелік іс-шаралар өткізілді.

    Заречный ауылдық округінің 12 кіші және орта бизнес кәсіпкерлерінің қолдауымен 130 адамға соның ішінде еңбек ардагерлеріне, тылда еңбек еткендерге, аз қамтылған зейнеткерлер мен мүгедектерге арнап мерекелік іс-шара өткізілді. Шақырылған әр адамдарға жалпы сомасы 140,0 мың теңге құрайтын азық-түлік пакеті беріліп, концерттік бағдарлама өткізілді.

    Шеңгелді ауылдық округінде тұратын 60 аз қамтылған зейнеткерлер мен мүгедектер жалпы сомасы 90,0 мың теңгеге ауылшаруашылық өнімдерін алды.

    Қала және қала аймағы бойынша барлығы 764 адам қамтылып, 925,0 мың теңгеге мерекелік іс-шараларды өткізілді.

    «Бизнес дайджест» және «Нұрлы өлке» газеттерінде Қарттар күніне арнап қаланың дамуына ат салысқан еңбек ардагерлері туралы жайлы мақалалар жариялады.

 

/12:16 16 Қазан 2015 г./

 


«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .