Kapshagay.gov.kz

Сізге психолог маманының көмегі керекпе.

Главная


  

    Бүгінгі таңда мемлекетімізде 69 мыңнан астам мүгедек балалар бар.

    Жетілдірілген диагностикалық әдістемелер мен әлеуметтік маңызы бар сырқаттарды емдеу және оңалту, халықаралық стандартты еңгізу, жүктіліктің әр кезеңінде скрининг жүргізу жұмыстарына қарамастан балалардың мүгедектікке шығуы мен денсаулықтарының төмендеу деңгейі сақталуда.

    Баланың дамуындағы келелі мәселелер туралы хабарлар ата-аналарды жиі өкінішке, түңілуге немесе тығырыққа әкеп соғады. Көп жағдайда оларға қолдау қажет болады. Сол себепті ата-аналардың психолог мамандарымен әңгімелесуінің маңызы зор.

    Биылғы жылдан бастап мемлекетімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға тегін психологиялық қолдау көрсету және білікті мамандардан кеңес алу үшін Онлайн-қолдау қызметі жұмыс атқарып жатыр.

    Онлайн-қолдау қызметінің басты мақсаты мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғаларға және олардың отбасыларына әлеуметтік психологиялық қолдау көрсету, үміттендіру және қиындықтарды шешудің оңтайлы жолдарын іздеуге қолдау көрсету. Ал, ата-аналар өз тарапынан мамандардың нұсқауларын мүлтіксіз орындау арқылы балаларға отбасы жағдайында жайлылық пен қорғанысты сезінуін қамтамасыз ету арқылы көмек көрсету.

    Онлайн-қолдау қызметі өз жұмысын тек мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін ғана жүзеге асырады.

    Ана-аналардың айтуы бойынша онлайн-кеңес өткізу ауыр сырқаты бар балалардың отбасылары үшін уақытты үнемдейтін және үйден шықпастан қажетті мамандармен байланыста болу нысаны болып табылады.

    Себебі мамандардың біліктілігі мен кеңестері арқылы көптеген отбасылар туындаған сұрақтарына жауап ала алды.

    Келешекте онлайн-кеңес беру қызметі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға барлық қиындыққа қарамастан толыққанды өмір сүрулеріне көмектеседі деген үміттеміз.

 

/15:14 15 Қазан 2015 г./

 


«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .