Kapshagay.gov.kz

Хабарландыру


Негiзгi>

 

    Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету және білікті мамандардан кеңес алу үшін Онлайн-қолдау қызметі ашылған.

    Онлайн-қолдау қызметінің басты мақсаты мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғаларға және олардың отбасыларына әлеуметтік психологиялық қолдау көрсету.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан-Ресей медициналық университеті және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК қолдауымен мүгедек – балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға психологиялық көмек және кеңес беру үшін онлайн қолдау қызметін ұйымдастырған.

    Онлайн-қолдау қызметі өз жұмысын тек мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін ғана жүзеге асырады.

    ЗТМО бұл қызметте оператор, ал университет психиатрия кафедрасының, жүйке жүйесін оқыған нарколог және жалпы медицина психологиясы мен педагогикасы мамандарын тарту қызметтерін ұсынатын болады.

    Осы қызмет интернет –қорының «SKYPE»бағдарламасын қолдану арқылы ұйымдастырылады. Видеоқоңырау шалу үшін әр қатысушының интернетке қосылған компьютері, веб-камера, құлақшын, микрофоны бар динамика және алмасу бағдарламасымен видео SKYPE болу керек.

    Онлайн-қолдау қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін кезек тағайындау және 14:00-ден 18:00 –ге дейін кеңес беру қызметтерін ұсынатын болады.

    Тапсырыс беруші Онлайн-қолдау қызметіне қосылуы үшін қолданушы нұсқаулығын басшылыққа ала отырып қолдануына болады.

    Онлайн-қолдау қызметі белгіленген кесте бойынша мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға қолжетімді жұмыс атқаратын болады.

    Онлайн-қолдау қызметін қолдану үшін «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінен Онлайн-қолдау қызметі сұрақтары бойынша кеңес алуға болады.

Біздің мекен-жайымыз: Қапшағай қаласы Қонаев көшесі 35 5 кабинет, тел: 8 (72772)45941

 


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .