Kapshagay.gov.kz

«Мерекелі көктем»


Негiзгi>

 

   Көктем -өмірКонкурс чтецов поэзии  Махамбета  среди  учащихся города Капшагай и региона бастауы деп, көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. Көктем жыл мезгіліндегі ең тамаша,ең қызыққа толы мамыражай мезгіл. Бұл мезгілде табиғат жаңа түлеп, қайта туғандай күйге енеді, 22 наурыз табиғаттың жандану күні болып есептеледі. Ұлы жеңістің мерейлі тойыда осы көктем мезгілінің еншісіндегі атаулы күндердің бірі. Осыған байланысты 2015 жылдың 22 сәуір айында «Элит» мейрамханасында «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз – Наурыз мейрамы, 9 мамыр- Жеңіс күнін және 2015 жыл қазақтың туын көкке көтергеніне және Қазақ мемлекетінің құрылғанына 550 жыл толуына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалармен және олардың ата-аналарына арналған «Мерекелі көктем» атты ертенгілік өткізді.

   Ертеңгілікті кең байтақ өлкеде қоныс тепкен қазақ халқына қауіп төндірген жауды күйретіп, жеңіс туын желбіреткені туралы тарихи көрініс көрсетуден бастап, Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесі туралы айта өтіп, 1941 жылы маусымның 22-де әлемді дүрсілкіндірген Ұлы Отан соғысы кезіндегі әндерді айтылып, би биленіп, балалар мен ата-аналарға арналып жайылған мерекелік дастарханмен аяқтады. Балалар өз аналарына арнап жасаған сыйлықтарын сыйлады. Мерекелік ертеңгілікті өткізу мақсаттары балалардың туған жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, танымдық-мәдени көзқарасын дамыту және демалыс уақыттарын қызықты өткізу. Сонымен қатар «Эль-Рафе Акана» оңалту орталығының директоры Какимжанов Марат Сабырбекұлы мүмкіндігі шектеулі бала тәрбилеп отырған 10 отбасына мерекелік азық-түлік пакетін таратты.

   Қала әкімі Кикимов Сәтжан Манасұлы, қала әкімінің орынбасары Сергебаев Ескендір Ақынұлы және т.б. бөлім басшылары қонақта болып, балалардың өнерін тамашалап, жылы лебіздерін құттықтау арқылы білдірді. Әрқашан ертеңгіліктер өткізуге ат салысып қолдау көрсететін демеушілеріміз Қапшағай қалалық әкімдігіне, «Эль-Рафе Акана» оңалту орталығының директоры Какимжанов Марат Сабырбекұлына, «Элит «мейрамханасының басшысы Абсаттарова Резван Пидаевнаға,«Салтанат» кафесінің меңгерушісі Алия Шаитқызына, «Самал» кафесінің меңгерушісі Имангалиева Гульнарға «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мемекемесінің және мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының атынан үлкен алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге денсаулық, бақыт пен твочествалық табыс тілейміз.

/17:27 15 Мамыр 2015 ж./

Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .