Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласының тұрғын үй құрылысының жағдайы және келешек дамуы туралы ақпарат


Негiзгi>

 

Қаланың даму бағдарламасы және «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары негізінде 2012-2020 жылдары аралығында 61,7 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа енгізу жоспарлануда.

2014 жылға 135 пәтерлі тұрғын ұй құрылысын аяқтауға республикалық бюджеттен 353050,000 мың теңге бөлінді. Оның 93% немесе 326444,000 мың теңгесі игерілді. Нысанды пайдалануға тапсыру мерзімі - 2014 жылдың 20 желтоқсанына дейін.

Құрылыстың жалпы сметалық сомасы 65360,000 мың теңгені құрайтын 135 пәтерлік жалгерлік тұрғын үйді аббатандыру мен инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмысы аяқталды. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2014 жылдың бюджетінен 5058,000 мың теңге бөлінді және игерілді. Құрылысы 2014 жылға жоспарланған, нысанның құрылысына 60303,0 мың теңге бөлінді. Құрылыс 2014 жылға жоспарланған.

2013 жылғы 19 маусымдағы №10 мердігерлік шарттың негізінде 50 пәтерлік №3 шағын ауданындағы №28 «Д» несиелік тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысан пайдалануға тапсырылған. 2014 жылы республикалық бюджет несиесінің есебінен бөлінген және игерілген сомасы 58813,295 мың теңге. 50 пәтерлік несиелік тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысына 15000,0 мың теңге бөлінді және игерілді. Нысан пайдалануға тапсырылған.

Құрылыстың жалпы сметалық сомасы 357397,0 мың теңгені құрайтын, 50 пәтерлік №2 шағын ауданындағы № 47 несиелік тұрғын үйдің құрылысына, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмысы аяқталды. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2014 жылдың бюджетінен 6464,000 мың теңге бөлінді және игерілді. Құрылыс 2015 жылға жоспарланған.

Құрылыстың жалпы сметалық сомасы 228301,0 мың теңгені құрайтын тұрғын үй үшін, инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысына, 30 пәтерлік №5 шағын ауданындағы №3/1 жалгерлік тұрғын үйдің құрылысына, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмысы аяқталды. 2014 жылдың бюджетінен 112,976 мың теңге бөлінді және игерілді. Құрылыс 2015 жылға жоспарланған.

Құрылыстың жалпы сметалық сомасы 34912,0 мың теңгені құрайтын, 30 пәтерлік №5 шағын ауданындағы №3/1 жалгерлік тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына 2014 жылдың бюджетінен 3945,0 мың теңге бөлінді және игерілді. Құрылыс 2015 жылға жоспарланған.

50 пәтерлік №1 шағын ауданындағы №41/1 несиелік тұрғын үй құрылысының жобалау-іздестеру жұмыстары әзірленуде, 5000,0 мың теңге бөлінді және игерілді. Жобалау-іздестіру жұмыстарының мемсараптамасы мен өткізу мерзімі – 2014 жылдың 15 желтоқсанына дейін.

№18 шағын ауданындағы Құрманғазы көшесіндегі №1 жеке тұрғын үйдің құрылысының жобалау-іздестіру жұмыстары әзірленуде, 350,0 мың теңге бөлінді. Жобалау-іздестіру жұмыстарының мемсараптамасы мен өткізу мерзімі – 2015 жылдың 15 қаңтарына дейін.

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша пайдалануға төмендегі нысандар тапсырылды:

2012 жылғы қарашада жалпы ауданы 2,44 мың шаршы метр «Спутник» шағын ауданындағы №3/1 45 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға тапсырылды;

2013 жылғы шілдеде жалпы ауданы 1,7 мың шаршы метр «Спутник» шағын ауданындағы №4/1 20 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында құрылысының жалпы құны 295407,184 мың теңгені құрайтын 19 шағын ауданында 50 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үйдің және құрылысының жалпы құны 337006,654 мың теңгені құрайтын 2 шағын ауданындағы 50 пәтерлік несиелік тұрғын үйдің құрылысының басталуы жоспарлануда.

2016 жылға дейін «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша көп пәтерлі тұрғын үй құрылысына қала аймағында жер учаскелерін резервке алу бойынша бірқатар жұмыс жүргізілді. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 1,931 га құрайтын 9 жер учаскесі бөлінді:

- 2014 жылы 3 шағын ауданындағы №28 «Д» 50 пәтерлік несиелік тұрғын үй құрылысына;

- 2014 жылы «Спутник» шағын ауданындағы №2,3  135-пәтерлік тұрғын үйлерінің құрылысын аяқтауға;

- 2015 жылы 2 шағын ауданындағы №47 50 пәтерлік несиелік тұрғын үй құрылысына;

- 2015 жылы 19 шағын ауданындағы №1 «а» 50 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үй құрылысына;

- 2015 жылы 5 шағын ауданындағы №3/1 30 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына;

- 2015 жылы 18 шағынауданындағы №1 қызметтік жеке тұрғын үйдің құрлысына;

- 2016 жылы 1 шағын ауданындағы №41/1 50 пәтерлік несиелік тұрғын үйдің құрылысына;

- 2017 жылы 5 шағын ауданындағы №61/1 50 пәтерлік несиелік тұрғын үйдің құрылысына.

- 2017 жылы «Ивушка» шығын ауданы №4 «В» 50 пәтерлік жалгерлік тұрғын үй құрылысына.

 

 

 

«Қапшағай қаласының

құрылыс бөлімі» басшысы Е. Досходжаев

 

 

icon Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .