Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыспен қамту саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.


Негiзгi>

 

«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2014 жылғы 11 наурыздағы №217 қаулысымен   бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес, «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру», «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру» секілді мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі:

  1. жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама;
  2. адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысуға жолдама беру, онда мыналар қамтылады:
          1) жұмысқа орналасуға жолдама;
          2) қоғамдық жұмыстарға жолдама;
          3) адамдарға кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жолдама;
          4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама;
          5) жастар практикасына жолдама;
          6) адамдарға кәсіби бағдарлануға тегін қызметтер көрсету;
  3. жұмыссыз азаматтарға анықтама беру.
         Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады;
    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
          1) көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі (сәйкестендіру үшін).
          Салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы беріледі, содан кейін құжаттың түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
               Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
          1) көрсетілетін қызметті берушіде – көрсетілетін қызметті алушының дербес деректері автоматтандырылған ақпараттық жүйеге жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында енгізіледі;
          2) ХҚО-да – тіркеу күні мен мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген қолхат беріледі.

 

Бөлім басшысы А.Іңкәрбекова

 

  

icon Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .