Kapshagay.gov.kz

«Ал, қанекей аналар!»


Негiзгi>

 

    Әр отбасы мүшесінде мүмкіндігі шектеулі бала дүниеге келген уақытта, ата-ананың өміріндегі рөлі мен орны туралы және жалпы өмірге деген қөзқарастары өзгере бастайды.kapshagay.gov.kz Ана өзінің қоршаған ортадағы адамдардың сақтықпен қараған көзқарасына, бұрын болмаған сезімдерге қарсылық білдіруі тиіс. Күйзеліске ұшыраған мүгедек баланың анасында қызбалық сезімдері әсері әлдеқайда көбірек байқалады. Әр анада осындай жағдайда жалғыздық сезімі, болашақ өмірі үшін қорқыныш, өмірден адасып қалған сияқты сезімдер пайда болып және "өмір аяқталды" деген түйсігі туады. Біздің мақсатымыз ата-ананы осы күйден шығарып, өмірге қуанышпен қарап, сонымен қатар, өздерінің баларына қуаныш сыйлап және өздірінің махаббаттық сезімімен жылулық сыйлауды үйрету. Осыған байланысты 2014 жылдың 06 қарашасында мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қапшағай қаласындағы «Салтанат» кафесінде күз мезгіліне арналған «Ал, қанекей аналар!» атты байқауы өткізілді. Бұл мерекеде тек аналар ғана қатыспай, балалардың апалары мен тәтелері белсенділік танытты. Аналарға арналған байқау 6 кезеңнен тұрды.

social   Олар: «Команданы таныстыру», «Кім ойға жүйрік», «Аялы алақан», «Ғажайыптар әлемінде», Кел балалар ойнайық, жемістерді жинайық, «Ас- адамның арқауы». «Аялы алақан» сайысында - әр топтан бір ана шағын қысқа уақытта баласын күз мезгіліне сай киіндірді. Осы сайысты аналар сондай қамқоршылықпен және мейрімділікпен жасағандары сезіліп тұрды. Сонымен қатар, өте қызықты және есте сақтарлық сайыстың бірі ол-«Ғажайыптар әлемінде» сайысы. Онда аналар жеміс-жидектер мен көкөністер пайдалану арқылы өздерінің қиялынан туған еңбектерін көрсетті. Және тағы бір сайысымыз- «Ас- адамның арқауы». Онда әр ана жеміс-жидектер мен көкөністер пайдалану арқылы асханадағы бар өнерлерін көрсетті. Осының барлығын аналар сондай сүйіспеншілікпен жасағандары олардың күлімсіреген жүздерінен байқалып тұрды.

    «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі байқаудың «Салтанат» кафесінде тегін өткізуіне демеушілік көрсеткен Алия Шайтовна Молдахметоваға және байқаудың өткізілуіне демеушілік көрсеткен «Эль-рафе Акана» қоғамдық қорының директоры Марат Сабырбекұлы Какимжановқа үлкен алғыстарын білдіреді. Адамдардың өмірдегі жасаған жақсы істері, мейлі кішкентай ғана болсын, ол ешқашан ұмытылмайды және жоғалмайды. Сіздерге тілейтініміз өмірлеріңізде тек қана жақсы адамдар кездестіріп, олар әрқашанда сіздерге сәттілік, қуаныш және жылулық сыйласын.

  

icon Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .