Kapshagay.gov.kz

«Сіздер өз істеріңізбен Жер бетінде із қалдырдыңыздар!»


Негiзгi>

 

    Қазақстан Республикасының 2002 шілдедегі №343 «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»social Заңын жүзеге асыру мақсатында, 2007 жылдың ақпан айынан бастап «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішінен мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі құрылған.Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет көрсетуге мұқтаж мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау және есепке алу, дағдыланған әлеуметтік ортада қолайлы моральдік-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу, үй жағдайында әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалтуды жүргізу, қызмет алушылар мен оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері туралы хабардар ету, мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық өмірге өз бетінше бейімделуін дайындау жұмыстарын жүргізеді.social

    Әлеуметтік қызметкерлер белгіленген кесте бойынша аптасына 2 рет, Қапшағай қаласы және өңірі бойынша есепте тұрған балаларға жеке оңалту бағдарламасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету стандартына негізделе құрылған жеке жұмыс жоспары бойынша қызмет көрсетеді. Жеке жұмыс жоспарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық түрлері енгізілген.

    Әлеуметтік қызметкерлер мамандардың ұсыныстарының орындалуын, ата-анасының іс-қимылын бақылайды,мүмкіндігі шектеулі балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары, тұрмыстағы және қоғамдық орындарда өзін ұстауы, өзін-өзі бақылауы, қарым-қатынас дағдылары және ата-аналарымен тыныс-тіршіліктің басқада нысандары жайында әңгіме өткізіліп, пікір алмастырады, жеке оңалту бағдарламасына негізделе отырып балалардың ата-аналарына қажетті (шипажайға, протездік-ортопедиялық аяқ киім,тифло, сурдотехникалық, міндетті гигиеналық , қимыл-қоғалыс аппаратына), «Үйде оқыту» және «үйде тәрбиелену» жәрдемақысын алуға, жаңа оқу жылына балалардың ОПМПК (Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) тексеруінен өткізуіне құжаттар жинауға көмектеседі.

     Сонымен қатар дамыту жаттығуларын, тұрмысқа бейімдеу әрекеттерін, өзін-өзі күтуді, ойлау қабілетін дамытуды, қоршаған орта мен хайуанаттар әлемімен, табиғатпен таныстыруды, жазып үйренуге, есептеуге,тіл дамытуға,

зейін қоюға, сенсорикаға үйретеді.

     Бөлім қызметкерлері мүмкіндіктері шектеулі балалардың демалысында музейлерге, театрларға, зообаққа, концерттер мен цирктерге мультфильмдер көруін, демалыс орындарында тегін демалып қайтуын,жазғы демалыс уақыттарында балалардың суға шомылып, табиғатта демалуы ұйымдастырады және шығармашылық әлеуетін қолдау, олардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу, әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыру мақсатында әр мерекелерде ертеңгіліктер өткізіп,балалардың ертеңгіліктерге қатысуын қамтамасыз етеді.

social

     Мүмкіндігі шектеулі балаларға қала кәсіпкерлері әр мерекелік іс-шараның өтуіне сыйлықтар сыйлап, қайырымдылық дастарханын жайып демеушілік көрсетеді және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аз қамтылған жанұяларға азық-түлік пакетін таратып, көмек көрсетіп тұрады.

Сол игі істердің бірі 2014 жылдың 22-наурызында «Эль-Рафе акана»қоғамдық қорының директоры Какимжанов Марат Сабырбекович, ЖШС «Монолит» директоры Ауелбеков Акан Балтабаевич, ЖК «Исахан» директоры Далабаев Қайрат Исахановичтың қолдау көрсетіп, ұйымдастыруларымен өткізілген наурыз мерекесі. Наурызға арналған мерекелік дастарханы жайылып, мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен концерттік бағдарлама мен ойындар өткізіліп, сыйлықтармен қуантты. «Эль-Рафе акана»қоғамдық қорының директоры Какимжанов Марат Сабырбекович әр мерекелер мен қиын жағдайда жүрген азаматтарға қол ұшын беруде «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге тығыз байланыста жұмыстар атқарады. Аз қамтылған жанұяларға да көз қырын сала жүретін азаматымыз 2014 жылдың наурыз айында Шенгелді ауылдық аймағында тұратын екі балаға тегін неврапотолог маманынан кеңес алып, медициналық әлеуметтік сараптамадан өтуіне жәрдемдесті.Жақсының жақсылығын айта отырып, осындай азаматтарымызға тек алланың шапағаты жаусын деген тілектер білдіреміз.

  

icon Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .