Kapshagay.gov.kz

«Жақсы істер жасауға асығыңдар»


Негiзгi>

 

    «Жақсы істер жасауға асығыңдар» деген поэтикалық сөздер көптеген адамдардың өмірінің ұраны болып есептеліп кеткен, өзінің үмітін жоғалтқан уақытта, жақсылық емдеп, адамды депрессиядан құтқарып және бақытты сезіндіреді.

    «Қапшағай қаласының спорт және дене шынықтыру бөлімі » мемлекеттік мекемесінің басшысы Наталья Юрьевна Носова және осы мекеменің бас маманы Асет Бекеш «Ривьера» орталығында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында отбасылық ойын-сауық үстел ойын сайысын ұйымдастырды.

sacial

    Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Дандыбаева Махаббат Жұманқызы жарысқа қатысушыларды жылулықпен қарсы алды. Барлығының көңіл-күйлері көтеріңкі болып, таңғажайып нәрсені күткендей болды. Бүгінгі күн мүгедектер үшін өте мағызды күн: себебі «Ривьеро» ойын-сауық орталығында үстел ойындары- шахмат, шашки, тоғызқұмалақ ойын түрлерінен жарыстар өткізіледі.Жарысқа 25 адам қатысты. Жүлделі орындар алу үшін қызу күрестер басталды. Әр ата-ана өздерінің баллалары үшін толқып, ал қатысушылар болса қарсыластарын ұтып алуға барлық күштерін салды. Н.Носова барлық нәрсені толығымен ойлап, қатысушыларды назардан тыс қалдырмай, жарыс аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларды мадақтау қағазымен және бағалы сыйлықтарымен марапатады. Марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда ғана емес, отбасылық жылулықта өткізілді. Шашки ойынынан

1 орын жүлде иегері Қаипбаева Гулзина

. 2 орын иегері Жұбатхан Дәулет,

3 орын иегері Абуғали Камилхан атанып мадақтау қағазымен, медаль және бағалы сыйлықтар иегері болды.

Сонымен қатар, үлкендер арасында шашка жарысынан

1 орын иегері- Салыкова Лязат,

2 орын иегері – Искалиева Дана

3 орын иегері – Жалел Арайлым атанып, мадақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Ал шахмат ойынының жеңімпазы

1 орын иегері- Рахметов Рафхат

2 орын иегері Нүрсеитов Азамат,

    3 орын иегері Серік Сатқанбаев атанып мадақтау қағазымен, медаль және бағалы сыйлықтар иегері болды. Әр жарыс жүлдегерлерінің мойындарында медальдар жарқырап тұрды, осы уақытта әр қатысушылар өздерін бақытты, сүйікті және дарынды адамдарының бірі болып сезінді. Адамдардың жақсылықтары мен қамқорлығын сезінген теңіз жағалауындағы самал жел мен теңіз шаттыққа бөленді. Швед үстелі: шырындар, жеміс – жидектер, балмұздақтар, осының барлығы балалармен үлкендерге жайылды.

    Мерекені ұйымдастырғандарға үлкен алғысымызды айтамыз, ал ең бастысы Наталья Юрьевна Носоваға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға тегін автобус бөлінген үшін «АТО Капшағай» дирекциясына және үлкен алғысымызды отбасылық ойын-сауық «Ривьера» орталығында алғысымызды айтамыз.Біздің елімізде ешқашан жақсылық, жер бетіндегі өмір сияқты таусылмайды. Сонымен қатар, әр адам басына алла тағала тек қана бақыт сыйласын!

 

icon Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .