Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс барысы туралы ақпарат


Негiзгi>

 

     Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысында 2014 жылғы қаңтар-тамыз аралығында үш нысан іске қосылды:

1. Мемлекеттік қабылдау комиссияның актімен 50 пәтерлік несиеге берілетін абаттандырылған және сыртқы инженерлік желілерімен қоса тұрғын үй іске қосылды.

Қапшағай қаласы, №3 шағын аудан, №28 Д үй мекен-жайы бойынша орналасқан 50 пәтерлік тұрғын үйдің жалпы алаңы - 3024,5 шаршы метр, оның ішінде тұрғын алаңы - 1700,5 шаршы метр.Бас мердігер - "Жөндеу құрылыс" ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы.

2. Мемлекеттік қабылдау комиссияның актімен "Алматы облысы Қапшағай қаласындағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту және орналастыру" ("Рауан" шағын ауданы, сумен қамтамасыз ету, көше-жол желілері) нысаны іске қосылды. Асфальтобетонды жабындының жалпы алаңы - 43618,0 шаршы метр. Сумен қамтамасыз ету желілердің ұзындығы - 5,3 км. Бас мердігер - "ПКФ Азия - 2006" ЖШС, Алматы қаласы.

Нысанның орналасу орны: Алматы облысы, Қапшағай қаласы, "Рауан" шағын ауданы.

3. Мемлекеттік қабылдау Комиссияның актімен "Алматы облысы Қапшағай қаласындағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту және орналастыру" (№18 шағын ауданы, көше-жол желілері) нысаны іске қосылды.

Нысанның орнасқан жері:

Алматы облысы, Қапшағай қаласы, №18 шағын аудан

Жолдардың алаңы - 86421,0 шаршы метр Жаяужолдардың алаңы - 35439,0 шаршы метр Бас мердігер - "Фирма Еламан" ЖШС, Алматы қаласы

Ағымдағы жылы жүзеше асырылатын нысандар:

1. "Алматы облысы Қапшағай қаласындағы 135 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысын аяқтау" нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Нысанның орнасқан жері: Қапшағай қаласы, "Спутник" шағын ауданы, 2

Бас мердігер - "Керуен-Сервис" ЖШС, Алматы қаласы. Нысан құрылысының мерзімі: 2013 жылғы қыркүйек - 2014 жылғы қараша.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірістік жұмыс және жұмыс күш қозғалысының кестелеріне сәйкес жүргізілуде.

2. 2014 жылғы шілдеден бастап Алматы облысы, Қапшағай қаласы,

Арна ауылында 120 орындық орта мектептің құрылысы басталды.

Бас мердігері "РемБУС" ЖШС, Алматы қ. Нысан құрылысының мерзімі - 2014 жылғы желтоқсан.

 

Келесі жылдары жүзеге асырылу үшін жоспарланған нысандар:

1) 50 пәтерлік жалға берілетін абаттандырылған және сыртқы инженерлік желілерімен қоса тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді (Қапшағай қаласы, №19 шағын аудан, №1 "а" үй). Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жүзеге асырылуы - 2015 жыл.

2) 50 пәтерлік несиеге берілетін абаттандырылған және сыртқы инженерлік желілерімен қоса тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді (Қапшағай қаласы, №2 шағын аудан, №47 үй). Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жүзеге асырылуы - 2015 жыл.

3) 30 пәтерлік жалға берілетін абаттандырылған және сыртқы инженерлік желілерімен қоса тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді (Қапшағай қаласы, №5 шағын аудан, №3/1 үй). Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жүзеге асырылуы - 2015 жыл.

4) Алматы облысы Қапшағай қаласында сыртқы инженерлік желілерімен қоса жеке қызметтік бір тұрғын үйдің құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарланған. Жүзеге асырылуы - 2015 жыл.

5) Қапшағай қаласы, "Спутник" шағын ауданы, №2 үй мекенжайы бойынша орналасқан 135 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің абаттандырылуы және сыртықы инженерлік желілердің құрылысы үшін жобалау-іздестіру жұмысы жасалуда. Жобаны әзірлеудің аяқталуы - 2014 жылғы қазан. Жобаны жүзеге асыру 2014 жылға жоспарланған.

6) №12 "А", 12 "Б", "Арна", "Арна (2 кезектегі)" төрт шағын ауданда жеке тұрғын үй құрылысына арналған инженерлік коммуникациялардың құрылысы үшін жобалау-іздестіру жұмысын әзірлеу жоспарланған. Жүзеге асырылуы - 2015-2016 ж.ж.

icon «Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .