Kapshagay.gov.kz

БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ ТУРАЛЫ


Негiзгi>

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен аспайтын 18 жасқа дейінгі балалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.

Өтініш беруші 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы тағайындауы үшін өз атынан немесе отбасы атынан жеке сәйкестендіру нөмірін көрсетіп, тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға , ауылдық жерлерде ауылдық округ әкіміне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына белгіленген үлгіде өтініш жолдайды.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

1)     баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;

2)     өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)     өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

4)     отбасы құрамы туралы мәліметтер;

5)     өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы мәліметтер;

6)     жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;

Балаларға арналған жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ескеріле отырып ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өтініш берген айдан бастап ай сайын төленеді.

 

icon Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .