Kapshagay.gov.kz

2014 жылдың 30 мамырында «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері ұйымдастырған 1-маусым Халықаралық


Негiзгi>

      2014 жылдың 30 мамырында «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері ұйымдастырған 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған мүмкіндігі шектеулі балалар арасында спорттық іс-шара Қапшағай қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты қала саябағының аймағында орналасқан спорт залында өткізілді. Аталған мерекелік іс-шараға 65 үйде әлеуметтік қызмет көрсетілетін мүмкіндігі шектеулі балалар шақырылды.sacial

       Жарыстың мақсаты балалар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Салауаттану-адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, тынығу және спорттық іс-шараларына қатыстыру арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарын дұрыстауға мүмкіндік беру, әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, мәдени ой-өрісінің және қарым-қатынас аясының кеңеюіне бағыттау.

       Спорттық сайыс 7-кезеңнен тұрды. Олар: «Қол арба», «Кім жылдам», «Шеңбер шаттығы», «Мергендер», «Кенгуру» , «Толағай», «Арқан тарту».

       Жарыстың ерекшілігі мүмкіндігі шектеулі балалардың физикалық даму деңгейіне қарай ұйымдастырылыған ойындар болды.Сонымен қатар ата-аналардың қатысыуымен өткізілген «Толағай» жарысы ата-аналарды да сергітіп, көңіл-күйлерін көтеруге әсер етті.social

Он адам жүрген жерде із қалады

Жүз адам жүрген жер соқпақ

Мың адам жүрген жерде жол қалады- дегендей осы мерекелік спорттық іс-шараны өткізуде мемлекеттік мекемелер мен қала кәсіпкерлері ат салысып өз тараптарынан көмектерін көрсетті.

       Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап, өзенге көпір салған бір сауап,Жолға ағаш еккен бір сауап- деген сөздер осындай жандары жомарт азаматтарымызға арналғандай. Себебі мүмкіндіктері шектеулі адамдарды назардан тыс қалдырмай қуаныш сыйлаудың өзі бір сауап.

       «Қапшағай қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Бимагамбетов Нұрбол Нұрсұлтанұлы және осы мектептің ұжымы, Қапшағай қалалық жастар ресурстар орталығының жетекшісі Нүрпеисов Ержан Ешмұқанұлы және «Жұмыспен қамту орталығы» директоры Ахметова Раушан Жұмабайқызы, «Эль-рафе Акана» қоғамдық қорының директоры Какимжанов Марат Сабырбекұлы, балаларға арнап сыйлықтар сыйлады.Куматов Фируз Рустамұлы бейнетаспаға тегін түсіріп, 50 балаға дискіні тарту етті. ЖК «Пронченко» қызметкері Салықова Лязат Иманғалиқызы және Д. Қонаев атындағы №1 орта-мектеп оқушысы Бекен Нарғыз Маратқызы әсем әндерімен қатысушылардың көңілін көтерді. Жақсы адам жолдасынан танылған-деп бос айтпаса керек.Таубаева Асем Наурызбайқызы және оның достары 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде мүмкіндігі шектеулі 100 балаларға 800,0 мың көлемінде сыйлықтар (DVD, электротолқынды пеш,шаң сорғыш, шәйнек, үтіг, ойыншықтар, төсек жабдығы,балалар ыдыстар жиынтығы, гигиеналық құралдар, монша және қол орамалдары, кір жуғыш ұнтақ, кәмпиттер) сыйлады.

      Құдықтан су ішкен,қазғанға рахмет айтады.

      Ағашты көлеңкелеген,еккенге рахмет айтады-демекші жоғарыда аталған азаматтарымызға ата-аналар мен «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан үлкен алғыс айтамыз.

Жақсыға қылған жақсылық өмірінде тозбайды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға жасаған жақсылықтарыңыз еш ұмытылмайды және де басқа азаматтарға үлгі болады деген үміттеміз.

icon Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .