Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 8 айда
атқарған жұмысы туралы хабарлама

 

2013 жылғы 8 айда жұмыспен қамту бөліміне 777 жұмыссыз азаматтар жүгінген, жұмыспен қамту бөлімінің қатысуымен 648 адам келесі кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылды: «Плаза», «Аям», «GlANT», «NAZDANA» ЖШС, «Zhersu Metal» АҚ, Шенгелді және Заречный ауыл округтары.

2013 жылдың 8 айында 4 мамандықтар бойынша (1С білімімен бухгалтер, электромонтер, электргазбендәнекерлеуші, аспаз-кондитер). Оқуды аяқтағандардың ішінен 55 адам жұмысқа орналастырылды.

Қоғамдық жұмыстарға 405 адам жіберілді, оның ішінде 238 ауылдық жерлерден, 20 жұмыс түрінен.

Халықтың арнаулы тобынан әлеуметтік жұмыс орындарына 13 адам келесі кәсіпорындарға жіберілді: жеке кәсіпкерлер «Танысбекова», «Қапшағай Көркейту» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

Жастар практикасына 16 адам сәулет және қалақұрылыс, жер қатынастары, спорт және денешынықтыру бөлімдерге, қалалық сот, зейнетақы орталығына жіберілді.

Келесі атаулы әлеуметтік көмектер түрлері көрсетілді:

Кедейшілік шегінен төмен тұратын 88 адамға 2177,0 мың теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек төленді.

18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларынан 429 балаға жәрдемақы 3385,0 мың теңге төленді.

Тұрғын үй көмегі 541 жанұяға 7076,0 мың теңге төленді, оның ішінде жеке үйлерде тұратын 35 жанұяға 770,0 мың теңге төленді.

Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына 44 адамға 962,7 мың теңге көлемінде төленді.

Барлығы 16 адамға 2890,0 мың теңге көлемінде қайрымдылық көмек көрсетілді.

41 мүгедек ортопедиалық көмек алды, 68 мүгедек міндетті гигиеналық құралмен қамтамасыз етілді.

7 өздігінен қозғала алмайтын 1 топ мүгедектеріне жеке көмекші тағайындалды.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға және қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс істейді.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 6 әлеуметтік қызметкер 42 балаға көмек көрсетеді. Бұл бөлім өз жұмысын білім және денсаулық сақтау салаларымен тығыз бірлікте жүргізеді.

Қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 7 әлеуметтік қызметкер 68 адамға көмек көрсетеді. Бөлімшелер барлық қалалық және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысады.

2013 жылы «Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасын» іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен – әлеуметтік жұмыс орындарына орналасатын 21 адамның жалақысын ішінара субсидиялауға – 4415,0 мың теңге және жастар тәжірибесін өтуіне жіберілетін 10 адамға – 1 786,0 мың теңге, ішінара жұмыспен қамтылған 5 жалдамалы жұмысшылардың біліктілігін арттыруға – 87,0 мың теңге және бағдарламаға қатысушы жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтар қатарындағы 23 адамды қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарынан өткізуге – 2 100,0 мың теңге бөлініп отыр.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне орай Қапшағай аумағы бойынша жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 1 бағытына халықтың нысаналы топ арасынан 11 азамат тігінші, аспаз мамандықтары бойынша ЖК «Пронченко Г.», ЖК «Абдалиев К.» әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілсе, 2 азамат «есепші», «іс жүргізуші» мамандықтары бойынша «Нұр Отан» ХДП, Шеңгелді ауылдық округі әкімінің апаратына жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді.

Сәуір айынан бастап 20 адам қаладағы №20 кәсіптік лицейге «аспазшы» және «тігінші» мамандықтары бойынша қайта даярлау курстарынан өтуге жіберілсе, 3 адам аспазшы мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Игілік Шеңгелді» кредиттік серіктестігі арқылы шағын несие беру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 6 азамат жалпы сомасы 13 миллион теңге көлемінде шағын несие алу үшін, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының он қорытындысын алды.

 

 

«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Іңкәрбекова

 

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .