freim_logo
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
Басып шығару   Google+

Құрметті қапшағай қаласының тұрғындары!


   Сіздерді табиғат жаңарып, адамзаттың рухани жаңғыратын шағы - әз-Наурызбен шын жүректен құттықтаймын.
   Ғасырлар қойнауынан бастау алған Ұлыс күні - өзімен бірге көктемнің сәулелі шуағын ала келетін, адалдық пен тазалықтың, мейірім мен жылылықтың, достық пен сүйіспеншіліктің мерекесі. Бұл күні адамдар бір-біріне ақтарыла тілек айтып, ағайын-бауырлар төс қағыстырып, бір-біріне жүрек жарды тілектерін арнап, айналаға мейірім шуағын төгеді, көмек қолын созып, көпшілдік қасиетін паш етеді.
    Ұлыс күні терең жаңашылдық пен жарқындықтың, адамгершілік пен мейірімділіктің белгісі. Бұл күн мен түннің теңелген шағы үйлесімнің үлгісі, Қазақстан халқы бірлігінің, ырысы мен ынтымағының белгісі болып келеді.
    Әз наурыз ұлағатын халқымыз қалтқысыз қабылдап, жақсылықтың нышанына балаған. Бүгінде халықтың асыға күтетін айрықша мерекесіне айналған Ұлы күнді қапшағай қаласының тұрғындары да көтеріңкі көңілмен, аса құрметпен қарсы алуда.
            Қадірменді қауым, құрметті қонақтар !
       Әз-мереке әрқайсыңыздың шаңырағыңызға шаттық, құт пен береке әкеліп, әрбір үйге Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын!


Қапшағай қаласының әкімі Т.ҚАЙНАРБЕКОВ




icon Қала Әкiмі
Әкімінің блогы
Қала әкіміне сұрақ
icon Қаланың әкiмдiгi
icon Бөлiмдерi
icon Мемлекеттік қызметтер
icon Нормативтiк құқықтық актiлер
icon Жұмыс кестесі
icon Бос орындар
icon Қабылдау бөлмесi



icon Мәслихат
icon Прокуратурасы
icon Жер заңды негізінде
icon Соты
Мемлекеттiк қызметтердiң имиджi



icon Мемлекеттік сатып алу
icon Жер телiмдердiң кадастрлық құны
icon Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі
icon 2016 Жария ету



icon Сайлау 2016
icon vopros_akimu
маслихат

 

       Праздники Казахстана

 

Аудармашы-сөздiк

Сөздi қазақша немесе орысша тiлде енгiзiңiз, 3 нұсқаға дейiн аударма аласыз.

ә:2, i:3, ң:4, ғ:5, ү:8,
ұ:9, қ:0, ө:-, һ:+




Негiзгi
 > Мәслихат  > Нормативтік-құқықтық актілері
Бүгiнгi:

Қапшағай қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық
актілері


Қапшағай қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы №17-68 шешімі. 2017 жылғы 16 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4143 нөмірімен енгізілді

Қапшағай қалалық мәслихатының
2016 жылғы 22 желтоқсандағы
«Қапшағай қаласының 2017-2019
жылдарға арналған бюджеті
туралы» № 15-57 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы


 

 

   2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104-бабының 4-тармағының 5) тармақшасына, 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 15-57 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4054 тіркелген, 2017 жылдың 6 қаңтарында «Нұрлы өлке» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2017-2019 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 8894731 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 1939781 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 41167 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 80000 мың теңге;
трансферттер түсімі 6833783 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 975505 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 2386788 мың теңге;
субвенциялар 3471490 мың теңге;

    1. шығындар 9015322 мың теңге;
    2. таза бюджеттік кредиттеу 1535897 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 1540340 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 4443 мың теңге;

    1. қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
    2. бюджет тапшылығы (профициті)  (-) 1656488 мың теңге;
    3. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 1656488 мың теңге.

2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

  1. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қосымша № >>(.rar 79 Kb)

 

 

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

С. Ақылтаев

Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ахметтаев

17.03.2017 ж.

Қапшағай қалалық мәслихатының 2016 жылғы 27 қазандағы № 12 - 43 шешімі. 2016 жылғы 10 қарашадағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 3992 нөмірімен енгізілген.

 

Қапшағай қалалық мәслихатының
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
«Қапшағай қаласының 2016-2018
жылдарға арналған бюджеті
туралы» № 57-239 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы


 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 57-239 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 30 желтоқсанында № 3655 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінде 2016 жылдың 5 қаңтарында № 01-02 (358-359), 15 қаңтарында № 03 (360), 22 қаңтарында № 04 (361) жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2016 жылғы 5 ақпандағы «Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 57-239 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 60-244 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 17 ақпанында № 3729 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінде 2016 жылдың 26 ақпанында № 10-11 (368), 4 наурызында № 12 (369), 11 наурызында № 13 (370) жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 наурыздағы «Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 57-239 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 2-8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 7 сәуірінде № 3778 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінде 2016 жылдың 15 сәуірінде № 18 (375), 22 сәуірінде № 19 (376), 29 сәуірінде № 20 (3770) жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 мамырдағы «Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 57-239 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 4-22 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 30 мамырында № 3860 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінде 2016 жылдың 8 маусымында № 25 (382) жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі «Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 57-239 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 6-30 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 27 шілдеде № 3922 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінде 2016 жылдың 5 тамызында № 32 (389), 12 тамызында № 33 (390), 19 тамызында № 34 (391) жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2016-2018 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1)     кірістер 5354448 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 1771315 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 25160 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 70320 мың теңге;

трансферттер түсімі 3487653 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 1178754 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 637408 мың теңге;

субвенциялар 1671491 мың теңге;

2)     шығындар 5398643 мың теңге;

3)     таза бюджеттік кредиттеу 5739 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 9545 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 3806 мың теңге;

4)     қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 5910 мың теңге;

5)      бюджет тапшылығы (профициті) (-) 55844 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 55844 мың теңге.».

2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

3. «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша А.Т.Сатыбалдиева) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қапшағай қалалық мәслихатының «Әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5.     Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

     Қосымша № >>(.rar 79 Kb)

 

 

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

С. Ақылтаев

Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ахметтаев

15.11.2016 ж.

Қапшағай қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы №5-29 шешімі. 2016 жылғы 19 шілдедегі нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 3900 нөмірімен енгізілген.

 

Қапшағай қаласында мүгедектер
қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша
үйде оқытуға жұмсаған шығындарын
өндіріп алу мөлшерін және тәртібін
айқындау туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қапшағай қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

2. Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 14 қаңтарында № 2998 тіркелген, қалалық «Нұрлы өлке» газетінде 2015 жылдың 23 қаңтарында № 05(310) жарияланған) № 42-177 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша А.Іңкәрбекова) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдырында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік саясат, спорт, жастар ісі мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Қосымша № >>(.zip 192 Kb)

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

С. Даданбеков

Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ахметтаев

31.08.2016 ж.

Қапшағай қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы №5-29 шешімі. 2016 жылғы 19 шілдедегі нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 3900 нөмірімен енгізілген.

 

Қапшағай қаласында мүгедектер
қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша
үйде оқытуға жұмсаған шығындарын
өндіріп алу мөлшерін және тәртібін
айқындау туралы


 

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына және «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.     Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

2.     Келесі тәртіп айқындалсын:

1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;

2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;

3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды ұсынады:

өтініш, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;

алушының жеке басын куәландыратын құжат;

тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);

психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысы;

«Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

банкте шоттың болуы туралы құжат;

Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы;

4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және көрсетілген кезеңге тоқсан сайын төленеді;

5) алғашқы тағайындалған жағдайда оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтiнiш берген күннен бастап төленеді.

3. Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 42-178 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 14 қаңтарында № 2996 тіркелген, «Нұрлы Өлке» газетінде 2015 жылдың 23 қаңтарында № 05 (310) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша А. Іңкәрбекова) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қапшағай қалалық мәслихатының «Халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлт аралық қатынастар жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

С.Нұрсолтанова

Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ахметтаев

10.08.2016 ж.

Қапшағай қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы №5-28 шешімі. 2016 жылғы 19 шілдедегі нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 3901 нөмірімен енгізілген.

 

Қапшағай қаласы бойынша
аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы


«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қапшағай қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2. Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 15 шілдедегі «Қапшағай қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 11 тамызында № 3332 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінде 2015 жылдың 21 тамызында № 35 (342) жарияланған) № 50-205 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша А. Іңкәрбекова) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қапшағай қалалық мәслихатының «Халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлт аралық қатынастар жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

     Қосымша № >>(.rar 23 Kb)

 

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

С.Нұрсолтанова

Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ахметтаев

08.08.2016 ж.

Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы №57-239 шешімі. 2015 жылғы 30 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 3655 нөмірімен енгізілді.

 

Қапшағай қаласының
2016-2018 жылдарға
арналған бюджеті туралы


2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына  сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2016-2018 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1)     кірістер 4395127 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 1451582 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 35213 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 50000 мың теңге;

трансферттер түсімі 2858332 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 1174931 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 11910 мың теңге;

субвенциялар 1671491 мың теңге;

2)     шығындар 4389217 мың теңге;

3)     таза бюджеттік кредиттеу 5739 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 9545 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 3806 мың теңге;

4)     қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 5910 мың теңге;

5)     бюджет тапшылығы (профициті) (-) 5739 мың теңге;

6)            бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 5739 мың теңге.

2. Қаланың жергілікті атқарушы органның 2016 жылға арналған резерві 6147 мың теңге сомада бекітілсін.

3. 2016 жылға арналған қала бюджетінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер 4-қосымшаға сәйкес 14106 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.

Ауылдық округтер әкімдері жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсетін бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

4. 2016 жылға арналған қалалық бюджеттің атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын қалалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 5-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

5. «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Сатыбалдиева А.Т.) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

7. Осы шешім 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

     Қосымша № >>(.rar 147 Kb)

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

С.Нұржанов

Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ахметтаев

05.01.2016 ж.

Қапшағай қаласы мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №56-227 шешімі. 2015 жылғы 14 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 3623 нөмірімен енгізілді.

 

Қапшағай қалалық мәслихатының
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
«Қапшағай қаласының 2015-2017
жылдарға арналған бюджеті
туралы» № 42-174 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы


2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына  сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 42-174 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда № 2979 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2015 жылғы 03 қаңтардағы № 01-02 (306-307) жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 06 ақпандағы «Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 42-174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 45-191 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 17 ақпанда № 3058 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 09 (314), 03 наурыздағы № 10-11 (315-316), 21 наурыздағы № 12-13 (317-318) жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы «Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 42-174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 49-202 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 маусымда № 3216 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2015 жылғы 20 маусымдағы № 25 (330), 27 маусымдағы № 26 (331) жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 4 қыркүйектегі «Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 42-174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 52-216 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте № 3416 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 39 (344), 2 қазандағы № 40 (345) жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 қарашадағы «Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 42-174 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 55-226 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 18 қарашада № 3566 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 48 (353) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2015-2017 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2,3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 5830185 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 1266247 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 54500 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 66800 мың теңге;

трансферттер түсімі 4442638 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 2325683 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 875010 мың теңге;

субвенциялар 1241945 мың теңге;

2)     шығындар 5803910 мың теңге;

3)     таза бюджеттік кредиттеу 1249856 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 1252865 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 3009 мың теңге;

4)     қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 42200 мың теңге;

5)     бюджет тапшылығы (профициті) (-) 1265781 мың теңге;

6)     бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

1265781 мың теңге.».

2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Сатыбалдиева А.Т.) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

5. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қосымша № >>(.rar 77 Kb)

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

С.Нұржанов

Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ахметтаев

22.12.2015 ж.

Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 қарашадағы №55-226 шешімі. 2015 жылғы 18 қарашада нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3566 нөмірімен тіркелді.

 

Қапшағай қалалық мәслихатының
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
«Қапшағай қаласының 2015-2017
жылдарға арналған бюджеті
туралы» № 42-174 шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы


2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына  сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 42-174 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда № 2979 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2015 жылғы 03 қаңтардағы № 01-02 (306-307) жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 06 ақпандағы «Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 42-174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 45-191 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 17 ақпанда № 3058 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 09 (314), 03 наурыздағы № 10-11 (315-316), 21 наурыздағы № 12-13 (317-318) жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы «Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 42-174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 49-202 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 маусымда № 3216 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2015 жылғы 20 маусымдағы № 25 (330), 27 маусымдағы № 26 (331) жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 4 қыркүйектегі «Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 42-174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 52-216 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте № 3416 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 39 (344), 2 қазандағы № 40 (345) жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2015-2017 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 5722883 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 1109746 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 50000 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 47000 мың теңге;

трансферттер түсімі 4516137 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 2336261 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 889130 мың теңге;

субвенциялар 1290746 мың теңге;

2)     шығындар 5696608 мың теңге;

3)     таза бюджеттік кредиттеу 1312954 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 1315963 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 3009 мың теңге;

4)     қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 42200 мың теңге;

5)     бюджет тапшылығы (профициті) (-) 1328879 мың теңге;

6)     бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

1328879 мың теңге».

3-1. тармағымен толықтырылсын:

«3-1. 2015 жылға арналған қалалық бюджетте жергілікті өзін-өзі басқару органдарына 5-қосымшаға сәйкес, 426 мың теңге сомасында трансферттер көзделгені ескерілсін.

Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер әкімдері жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсетін бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін».

2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

3. Көрсетілген шешім 5-қосымшасымен осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес толықтырылсын.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Сатыбалдиева А.Т.) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

6. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

 

     Қосымша № >>(.rar 80 Kb)

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

С.Нұржанов

Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ахметтаев

02.12.2015 ж.

Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 23 қазандағы №54-224 шешімі. 2015 жылғы 26 қарашада нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3586 нөмірімен тіркелді.

 

Қапшағай қаласы бойынша
пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жер салығының
және бірыңғай жер салығының
мөлшерлемелерін жоғарылату туралы


«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қапшағай қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

2. «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Оспанов Айдын Қылышбекұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Ауылшаруашылықты және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын өркендету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

С.Нұржанов

Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ахметтаев

30.11.2015 ж.

Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 15 шілдедегі №50-207 шешімі. 2015 жылғы 11 тамыздағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 3334 нөмірімен енгізілген.

 

Қапшағай қаласының азаматтық
қызметші болып табылатын және
ауылдық елді мекендерде жұмыс
істейтін мамандарына жиырма бес
пайызға жоғарылатылған
айлықақылар мен тарифтік
мөлшерлемелер белгілеу туралы


Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қапшағай қаласының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер қалалық бюджет қаражаты есебінен белгіленсін.

2. Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 43-185 «Қапшағай қаласының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 23 қаңтарда № 3003 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2015 жылғы 02 ақпандағы № 06 (311) жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлтаралық қатынастар жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сатыбалдиева Айгүл Төлекқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
Р.Сагитдинов
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ахметтаев

03.09.2015 ж.

Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 15 шілдедегі №50-205 шешімі. 2015 жылғы 11 тамыздағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 3332 нөмірімен енгізілген.

 

Қапшағай қаласы бойынша аз
қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы


«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының бұйрығына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қапшағай қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2. Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 28 тамызында № 2837 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2014 жылдың 6 қыркүйегінде № 35 (288) жарияланған) № 35-158 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Іңкәрбекова Айгүл Серғазықызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлтаралық қатынастар жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
Р.Сагитдинов
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ахметтаев

03.09.2015 ж.

Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 15 шілдедегі №50-206 шешімі. 2015 жылғы 11 тамыздағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 3331 нөмірімен енгізілген.

 

Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім
берудің педагог қызметкерлеріне
коммуналдық қызмет көрсетулерге
шығыстарды жабуға және тұрғын
үй-жайларды жылыту үшін отын сатып
алуға біржолғы ақшалай өтемақы
белгілеу туралы


«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қапшағай қаласының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлтаралық қатынастар жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Іңкәрбекова Айгүл Серғазықызы осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
Р.Сагитдинов
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ахметтаев

03.09.2015 ж.

Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 15 шілдедегі №50-204 шешімі. 2015 жылғы 20 тамыздағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 3351 нөмірімен енгізілген.

 

«Қапшағай қаласы
мәслихатының мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 65-тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қапшағай қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Айтова Мейрамгүл Қазбекқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауқалалық мәслихат аппаратының басшысы Айтова Мейрамгүл Қазбекқызына жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  

Қосымша>>(.zip 97 Kb)

 

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
Р.Сагитдинов
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ахметтаев

14.08.2015 ж.



Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 15 шілдедегі № 50-212 шешімі

Қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Қосымшаға сәйкес қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

 

  

Қосымша>>(.rar 10 Kb)

 

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
Р.Сагитдинов
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ахметтаев

15.07.2015 ж.



Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы №49-202 шешімі. 2015 жылғы 10 маусымдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 3216 нөмірімен енгізілді.

Қапшағай қалалық мәслихатының
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
«Қапшағай қаласының 2015-2017
жылдарға арналған бюджеті
туралы» № 42-174 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы


2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына  сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 42-174 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда № 2979 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2015 жылғы 03 қаңтардағы № 01-02 (306-307) жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 06 ақпандағы «Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 42-174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 45-191 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 17 ақпанда № 3058 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 09 (314), 03 наурыздағы № 10-11 (315-316), 21 наурыздағы № 12-13 (317-318) жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2015-2017 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 5558523 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 1039751 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 50000 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 47000 мың теңге;

трансферттер түсімі 4421772 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 2239767 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 891259 мың теңге;

субвенциялар 1290746 мың теңге;

2)     шығындар 5536248 мың теңге;

3)     таза бюджеттік кредиттеу 1312954 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 1315963 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 3009 мың теңге;

4)     қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 38200 мың теңге;

5)     бюджет тапшылығы (профициті) (-) 1328879 мың теңге;

6)     бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

1328879 мың теңге».

2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Бөлім басшысына (келісім бойынша Сатыбалдиева А.Т.) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

5. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

 

  

Қосымша>>(.rar 70 Kb)

 

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
Р.Сагитдинов
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ.Ахметтаев

Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы «Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 42-174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 49-202 шешіміне келісім

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қапшағай қаласының экономика және

бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы
Айгүл Төлекқызы
Сатыбалдиева

27 мамыр 2015 жыл

22.06.2015 ж.



Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 07 ақпандағы №251-51 шешімімен бекітілген Қапшағай қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын жаңа редакцияда бекіту туралы


   Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Орынбасары Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2014 жылғы 7 наурыздағы № 2221 ПАБ тапсырмасын аумақтарды дамыту бағдарламасын Қазақстан Республикасы Экономика жэне бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы №85 бұйрығымен сәйкестендіру мақсатында, қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қапшағай калалық мәслихаттың 2011 жылғы 07 ақпандағы №251 -51 шешімімен бекітілген Қапшағай қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2.Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.С. Сейітәшімовке жүктелсін.

 

  

Қосымша>>(.rar 965 Kb)

 

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
А. Ербосынова
Қалалық мәслихат хатшысының м.а.
С. Нұрқадыров

30.03.2015 ж.



Қапшағай қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы
 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 109-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қапшағай қалалық мәслихатының 2012 жылғы 22 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті туралы» №11-51 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 28 желтоқсанда 2265 нөмірмен тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2013 жылғы 03 қаңтардағы 01-02 (204) нөмірінде жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2013 жылғы 6 наурыздағы «Қапшағай қалалық мәслихатының 2012 жылғы 22 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті туралы» №11-51 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №14-73 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 15 наурызда 2319 нөмірімен тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2013 жылғы 19 наурыздағы 11 (212), 26 наурыздағы 12 (213), 02 сәуірдегі 13 (214) нөмірлерінде жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2013 жылғы 3 маусымдағы «Қапшағай қалалық мәслихатының 2012 жылғы 22 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті туралы» №11-51 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №17-88 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 12 маусымда 2369 нөмірімен тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2013 жылғы 19 маусымдағы 23 (224) нөмірінде жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2013 жылғы 4 шілдедегі «Қапшағай қалалық мәслихатының 2012 жылғы 22 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті туралы» №11-51 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №19-90 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 15 шілдеде 2395 нөмірімен тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2013 жылғы 24 шілдедегі 28 (229) нөмірінде жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2013 жылғы 19 тамыздағы «Қапшағай қалалық мәслихатының 2012 жылғы 22 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті туралы» №11-51 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №22-96 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 03 қыркүйекте 2435 нөмірмен тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі 35 (236) нөмірінде жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2013 жылғы 08 қарашадағы «Қапшағай қалалық мәслихатының 2012 жылғы 22 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті туралы» №11-51 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №24-107 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 19 қарашада 2466 нөмірмен тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2013 жылғы 23 қарашадағы 46-47 (248) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтағы жолдар бойынша:

1)            «кірістер» «5863158» саны «5812318» санына ауыстырылсын, соның ішінде:

«салықтық түсімдер» «938674» саны «941904» санына ауыстырылсын;

«салықтық емес түсімдер» «19416» саны «16186» санына ауыстырылсын;

«трансферттер түсімі» «4751068» саны «4700228» санына ауыстырылсын, оның ішінде:

«ағымдағы нысаналы трансферттер» «1947114» саны «1927148» санына,

«нысаналы даму трансферттері» «1659319» саны «1628445» санына ауыстырылсын;

2) «шығындар» «6265089» саны «6214249» санына ауыстырылсын.

2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қосымша>>

 

Қалалық мәслихат

сессиясының төрағасы

________________Е.Есполов      

 

 

Қалалық мәслихаттың хатшысы

_________________Қ.Ахметтаев

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қапшағай қаласының экономика және

бюджеттікжоспарлау бөлімі»            Айгүл Төлекқызы

мемлекеттік мекемесінің басшысы              Сатыбалдиева

«___»_____________2013 жыл

 

 

 

27 желтоқсан 2013 ж.


 

Қалалық мәслихатының
хатшысын сайлау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19 бабы 1 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
№ 7 сайлау округі бойынша депутаты Қайрат Нұраханұлы Ахметтаев, Қапшағай қалалық мәслихатының хатшысы болып сайлансын.


Қалалық мәслихаттың
сессия төрағасы                              М. Андаржанова




Қалалық мәслихатының тексеру
комиссиясын сайлау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16 бабы 1 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
Қалалық мәслихатының тексеру комиссиясы келесі құрамда сайлансын:
Мария Ивановна Андаржанова – «Полимер Трубы» ЖШС директоры, № 11 сайлау округі.
Бауыржан Бақтыбайұлы Мынбаев – 64192 әскери бөлімшесінің командирі, № 6 сайлау округі.
Әнуарбек Орынбасарұлы Құжағалиев – «Түрксіб» ЖШС директоры, № 8 сайлау округі.


Қалалық мәслихатының
сессия төрағасы
М.Андаржанова
Қалалық мәслихатының хатшысы
К.Ахметтаев


Тексеру комиссиясының
төрағасын сайлау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелкеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16 бабына сәйкес қалалық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы болып, № 6 сайлау округінің депутаты Бауыржан Бақтыбайұлы Мынбаев сайлансын.


Қалалық мәслихатының
сессия төрағасы
М.Андаржанова
Қалалық мәслихатының хатшысы
К.Ахметтаев



Коммуналдық шаруашылық,көріктендіру
және экология
бойынша тұрақты
комиссиясын сайлау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабы 2 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
Коммуналдық шаруашылық, көріктендіру және экология бойынша тұрақты комиссиясының құрамына келесі депутаттар сайлансын:
Андрей Борисович Хивинцев – комиссия төрағасы, «Атаюрт» ЖШС директоры, № 4 сайлау округі.
Комиссия мүшелері:
1. Василий Васильевич Казначеев – Қапшағай ГЭС директоры, № 5 сайлау округі.
2. Марат Ғаманатұлы Тынышпаев – «Түрксіб» ЖШС директорының орынбасары, № 13 сайлау округі.


Қалалық мәслихатының
сессия төрағасы
М.Андаржанова
Қалалық мәслихатының хатшысы
К.Ахметтаев


Құқықтық тәртіпті және азаматтардың,
құқығын қорғау,
заңдылықты сақтау,
мәдениет және денсаулық сақтау,
білім мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясын сайлау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабы 2 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
Құқықтық тәртіпті және азаматтардың құқығын қорғау, заңдылықты сақтау, мәдениет және денсаулық сақтау, білім мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына келесі депутаттар сайлансын:
Зәуреш Ибатолақызы Қазбекова – комиссия төрағасы, «Нұр Отан» ХДП Қапшағай қалалық аймақтық өкілеттігінің төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
1. Гүлзара Досмұханбетқызы Керімбаева – «Көксу» ЖШС инженер-гидротехнигі, № 12 сайлау округі.
2. Арман Самиғолаұлы Құтқожінов – 32363 әскери бөлімшесінің бастығы, № 10 сайлау округі.


Қалалық мәслихатының
сессия төрағасы
М.Андаржанова
Қалалық мәслихатының хатшысы
К.Ахметтаев


Қаланың бюджеті және экономикасы
бойынша тұрақты комиссиясын, сайлау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабы 2 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
Қаланың бюджеті және экономикасы бойынша тұрақты комиссиясының құрамына келесі депутаттар сайлансын:
Сергей Иванович Хомутов – комиссия төрағасы, «КСМ развитие» ЖШС директоры, № 9 сайлау округі.
Комиссия мүшелері:
1. Александр Анатольевич Вареник – «КапПромИнвест» МК директоры, № 2 сайлау округі.
2. Рашид Фамишұлы Сағитдинов – «Юстал-Контракт» АҚ төрағасы, № 3 сайлау округі.


Қалалық мәслихатының
сессия төрағасы
М.Андаржанова
Қалалық мәслихатының хатшысы
К.Ахметтаев


№138-25
от 14.04.2009 г.
«Қапшағай қалалықмәслихаты
депутаттығынаншығып
қалған депутаторнына қосымша
сайлаунәтижелері бойынша»
қалалықсайлау комиссиясыныңхабарламасы туралы

«Қапшағай қалалық мәслихаты депутаттығынан шығып қалған депутат орнына қосымша сайлау нәтижелері бойынша» қалалық сайлау комиссиясының хатшысы Б.Мақсаламованың хабарламасын тыңдай келе және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 20 бабының 2 тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
1.Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Б.Мақсаламованың «Қапшағай қалалық мәслихаты депутаттығынан шығып қалған депутат орнына қосымша сайлау нәтижелері бойынша» мәліметі назарға алынсын.
2. Қапшағай қалалық мәслихатының №13 сайлау округі бойынша депутат Съезбек Ақылтаевтың өкілеттілігі танылсын.

Мәслихат сессиясының төрағасы,
қалалық мәслихаттың
Қ. Ахметтаев


№139-25
от 14.04.2009 г.
Қапшағай қалалық мәслихатыныңкоммуналдық шарушылық, көріктендіружәне экология жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы

Қапшағай қалалық мәслихатының депутаты Марат Ғаманатұлы Тынышпаевтың Алматы облысының аумағынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 12 бабының 1 тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихатыШЕШІМ қабылдады:
1. Қалалық мәслихатының коммуналдық шарушылық, көріктендіру және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамынан Марат Ғаманатұлы Тынышпаев шығарылсын.
2. Осы комиссияның құрамына Қапшағай қалалық мәслихатының №13 сайлау округі бойынша депутат Съезбек Ақылтаев енгізілсін.

Мәслихат сессиясының төрағасы,
қалалық мәслихаттың
Қ. Ахметтаев

«Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты» мемлекеттік мекемесiнiң ережесі
«Қапшағай қаласы мәслихатының Аппараты» мемлекеттік мекемесінiң құрылымы
Депутаттық корпус
ж.


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары
ҚР Рәмiздерi
Азаматтық бюджет
Анықтамалық
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары

 

opros

opros

opros


obyav

                              Қапшағай қалалық мәслихатының депутаттары мен қала тұрғындарының назарына!

2017 жылғы 2 мамыр күні сағат 09.00 - де қала әкімі аппараты ғимаратының кіші залында Қапшағай қалалық мәслихатының ХХ кезектен тыс сессиясы өткізіледі. Сессия күн тәртібінде: «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ұсыну туралы».

/ 28.04.2017/

VI-шақырылған қалалық мәслихат депутаттарының және Қапшағай қаласы тұрғындарының назарына!

2017 жылдың 28 сәуірінде сағат 15.00-да қала әкімдігінің мәжіліс залында (Жамбыл көшесі, 13) VI-шақырылған Қапшағай қалалық мәслихатының кезекті XIХ сессиясы өткізіледі.
Күн тәртібінде:
1. Қапшағай қаласының 2016 жылғы бюджетінің орындалуы туралы;
2. Қалалық мәслихаттың ауылшаруашылықты, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын өркендету және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі;
3. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

/ 18.04.2017/

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 57-2-бабының 1-тармағының


6) тармақшасына сәйкес, «Вектор-проект» ЖШС Қапшағай су қоймасының Солтүстік жағалауындағы «Демалыс базасының құрылысын салу» және «Спорттық ойын-сауық кешенінің құрылысын салу» жобалары бойынша жалпы жиналыс нысанында қоғамдық тыңдау өткізеді.
Жобаларға тапсырыс беруші «Фортуна и Ш» ЖШС, БСН 061 140 004 504. Қоғамдық тыңдау келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Қапшағай қаласы, 4-ші ықшамаудан, 30/1, 1-офис
Қоғамдық тыңдаудың өткізілу уақыты: 2017 жылғы 4 мамырда сағат 1100-де. Байланыс телефоны: 8-727-72-27-096; 8-777-724-05-55.

 

/ 17.04.2017/

Құрметті Қапшағай қаласының тұрғындары!

Санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру айлығы шеңберінде 8 сәуір күні бүкіл қалалық «Таза сенбілік» шарасы өтеді. Осы күні үй-жайларыңыздың айналасын тазартып, үй маңына тал отырғызуға шақырамыз.

 

/ 07.04.2017/

Қазахстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ИНФОГРАФИКАЛАРЫ

Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беруге жағдай жасау керектігі туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілген тапсырмасына сәйкес (https: //goo.gI/ bCO9KD).

Қапшағай қаласы ауыл шаруашылығы

бөлімі» ММ-нің  басшысы


/ 27.03.2017/

 

Барлық хабарландырулар>>

Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007-2017


Сайтты кұру және қолдау -
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде